М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК-дағы мерзімді басылымдар секторы 4 мамыр күні 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты ақпараттық көрме ұйымдастырды. Еліміздің әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулықтың бері туын желбіретіп, сүйікті байтақ даламызға деген махаббатын ісімен дәлелдесе, оны неге Отан сүйгіштік демеске. Адам бойындағы бұл байлық бір зерттеушілердің ойынша туа біт¬кен қасиетке жатпайды екен, ол әлеуметтік, тарихи сатыларда қалыптасқан, сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден ғана көрінеді. Көрмеге – ерліктер туралы мысалдармен және Отан қорғаушы деген ұлы атақ туралы көптеген қызықты мәліметтер қойылған.