Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

2021 жылғы 4 маусымда М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімі» Мемлекеттік рәміздер күніне арналған танымдық бейнероликті әлеуметтік желіде көпшілік қауымның назарына ұсынды.
Бейнероликте Мемлекеттік рәміздер туралы қала тұрғындарынан алынған сұрақ-жауап берілді. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран туралы негізгі ақпарат келтірілді. Мемлекеттік рәміздер іс жүзінде шоғырландырушы қағидаға айналуы үшін әрбір азамат рәміздерді қастерлеп, құрметтей білуі және балаларына, ұрпағына жеткізуі қажет. Біздің мемлекет рәміздері әрбір қазақстандықтың мақтанышына айналуы өте маңызды. Әр адам үшін ең қасиетті нәрсе – Отан. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Біз өз Отанымызды қандай құрмет етсек, өз рәміздерімізді де сондай дәрежеде қастерлейміз, өйткені олар біздің Егемен еліміздің – қастерлі Қазақстанымыздың бейнесі, елтаңбасы.

Leave a Reply