Ертегілер әлеміне саяхат

2021 жылдың 7 маусымында шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі «Ертегілер әлеміне саяхат. В некотором царстве, в некотором государстве. Once Upon A Time….» көркем оқу–отырысын өткізді.
Көркем оқу-отырысын сәлемдесуден бастадық. Отырысқа қатысушылар сүйікті ертегілерін еске алып, көңілді сайыстарға қатысты. Содан кейін ертегілер әлеміне саяхатымыз басталды. Ертегі кейіпкерлері туралы полиглоттардың білімін анықтау үшін викторина өткізілді. Клуб мүшелері викторинаға қызығушылықпен қатысты. Біз “Әуенді тап”, “Кейіпкерді ата”, “Ертегі кейіпкерлерінің ізімен” ойындарын ойнадық. “Сиқыр” әр қадамда және барлық ойындарда болды. Ертегі кейіпкерлері барлығына күлкі және керемет көңіл-күй сыйлады, балалар ертегілерде кездескен барлық сиқырлы сөздерді еске алды.
Біз қазақстандық балалар жазушылары туралы балалармен әңгімелестік. Балалар риза болды, олар сүйікті ертегілерінен жақсы энергия зарядын алған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *