Көрікті Көкшенің төрінде ағымдағы жылдың 11-14 қазан күндері «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі өткелі жатыр. Шара ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасы. «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі шеңберінде еліміздің түкпір –түкпірінен жиналатын аудандық кітапханалар басшыларына арналған шеберлік сағаттары өтеді деп күтілуде.
Бүгін қонақтардың алды Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына ат басын тіреді. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Искалиева Нұрия Аманғалиқызы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғылыми -әдістемелік қызметінің жетекшісі Махамбетова Гүлмира Абылайханқызы бар.