
Сүйінов Есенгелді 1958 жылы 10 қаңтарда туған. Ақын, жазушы, журналист. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Ресей Федерациясы Халықаралық Психология ғылымдары академиясының құрметті академигі, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі. Бірқатар облыстық, республикалық жыр сайыстарының жүлдегері. 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астана қаласында өткен «Азаттық аясында» республикалық «Мүшәйрасының» арнайы жүлдесін алған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1975 жылы Көкшетау облысының Уәлиханов аудандық «Шалқар» газетінде бастады. Зеренді аудандық «Коммунизм таңы» (кейіннен «Бірлік») газетінде тілші, Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеді. Республикалық «Халық кеңесі», «Жас Алаш» газеттерінде еңбек етті. Облыстық «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы, республикалық «Жаңа Сарыарқа» журналы бас редакторының орынбасары болды. Қазір «Есіл» республикалық газетінің бас редакторы. «Күңгіртау құпиясы», «Мақпалды күндер», «Менің елім, менің жерім», «Арайлы таң» кітаптарының авторы. Биыл Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан «Тербеген теңіз әлдиі» кітабы шықты.
|
|
Суюнов Есенгельды родился 10 января 1958 года. Поэт, писатель, журналист. Член Союза писателей Казахстана, лауреат премии Союза журналистов Казахстана, почетный академик Международной академии психологических наук Российской Федерации, деятель культуры РК, отличник информационной сферы РК. Призер ряда областных, республиканских конкурсов. В 2016 году получил специальный приз республиканского конкурса «Мушайра» в рамках «Азаттык», который прошел в Астане в честь 25-летия Независимости. Окончил факультет журналистики Казахского национального университета им. Аль-Фараби, экономический факультет Костанайского государственного университета им. А. Байтурсынова.
Трудовую деятельность начал в 1975 году в Уалихановской районной газете Кокшетауской области «Шалкар». Работал корреспондентом Зерендинской районной газеты «Утро коммунизма» (впоследствии «Бірлік»), собственным корреспондентом Казахского радио в Костанайской области. Работал в республиканских газетах «Народный совет», «Жас Алаш». Был главным редактором областной газеты «Костанай таңы», заместителем главного редактора республиканского журнала «Жана Сарыарка». Сейчас главный редактор республиканской газеты «Есиль». Автор книг «Тайна затемнения», «Макпалды күндер», «Моя страна, Моя земля», «Арайлы таң». В этом году в Алматинском издательстве «Жазушы» вышла книга «Тербеген теңіз әлдиі». |