Алаштың айбыны, Ұлы көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлт көсемі – Ахмет» атты библиомарафон одан әрі жалғасады.
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының «көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс» бөлімі бұл библиомарафонды бастаған болатын. Бүгін көзіқарақты көрермен назарына жаңа форматтағы, бейнероликті ұсынамыз.
Бұл бейнероликте Ахмет Байтұрсынұлының «Жұртыма» атты өлеңі оқылады. Автор бұл өлең жолдарымен өз жұртына үндеу жасайды, өз халқын сынайды.