Менің сүйікті қуыршағым

Бүлдіршіндер үшін қуыршақ ойыншықтардың арасында ең сүйіктісі екені ежелден белгілі. Ол мәңгі жас болып қала береді. Оған уақыт та әсер етпейді, әлі де бала мен үлкендердің жүрегіне жол табады, сондықтан балалар да, көптеген ересектер де қуыршақты жақсы көреді. Бұл сиқырлы фигуралар шын мәнінде бала кездегі бақытты сәттерді өмір бойы есте қалдырады.
М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Шамшырақ» балалар коворкингі осы сиқырлы қуыршақтар күніне орай «Менің сүйікті қуыршағым» атты іс-шара ұйымдастырды.
Шараға қуыршақ жасаудың шебері, өңіріміздің ақын-жазушысы Альбина Кириловна Байковская қатысты. Кештің шымылдығы Альбина Кириловнаның шебер қолынан шыққан қуыршақтар көрмесіне шолу жасаумен ашылды.
Кеш барысында қатысушыларға Альбина Байковскаяның шеберлік қасиеттері, шығармашылығыы таныстырылды. Оқушылар Альбина Кириловнаның шебер қолымен қайта өңдеп жасаған қуыршақтарын қызығушылықпен көріп, тамсанды.
Шара соңында құрметті қонағымыз өзінің шығармашылығынан балаларға арнап жазған өлеңдерін оқыды.
Балалар қуыршақтарға қуанып, өздеріне арнап оқылған өлеңдерден рухани азық алып, ризашылықпен тарады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *