Халқымнан айналайын еркелеткен

Осы тақырыпта Қазақтың ерке қызы, бұлбұл әншісі, ҚР Халық Қаһарманы, Қазақ КСР-ы және КСРО халық әртісі Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай мерейтойының ашылу салтанаты өткізіліп, бұлбұл әншінің өнегелі өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі мен танымдық-тағылымдық «Халқымнан айналайын еркелеткен»атты музыкалық кеш өтті.
Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапхананың өнер бөлімінің ұйымдастыруыменөткен кешке өңіріміздің мақтанышы, Көкшетау қаласының құрметті азаматы, дәстүрлі әнші Бисара Мәкенова, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің студенттері қатысты.
Кітапхананың директоры, ақын Мырзабек Құдайберлі Рахымбекұлы студент жастарға Роза Бағланова туралы әңгімелеп, өнерді әлемге танытқан осындай аңыз адамдардың өнегесімен өздерін өсіруді жастарға тілек етті.
Кештің арнайы қонағы Бисара Мәкенова Роза Бағланованың «Әдемі-ау» әнін, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің студенттері Айдынбек Мұхаметғали халық әні «Ғайниды» және Дариға Есмағұлова «Іңкәрім –ай» әнін орындап, кештің сәнін келтірді.
Бүтін бір ғасырға жақын ғұмыр кешіп, 89 жасында өмірден озған Роза Тәжібайқызының тарихы әнмен өріліп, қысқаша таныстырылды, болашақ өнер иелерінің бұлбұл әншінің өмірінен үлгі өнеге алып өскені дұрыс деген мақсатта, қазақтың жаухарларын тани жүрсін деген мақсатта өткізілген осы іс шараның қатысушылар үшін танымы мол, тағылымы зор болды. Қатысушылар соңында естелік суретке түсіп, ризашылықтарын білдіріп тарады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *