Астана болашақтың қаласы

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мектеп оқушыларымен 6 шілде — Астана күніне арналған «Астана болашақтың қаласы» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шара оқушыларға еліміздің елордасы — Астананың тарихы мен дамуын кеңінен насихаттау, оқырмандардың патриоттық рухын арттыру, Астананың сәулеттік келбеті туралы мағлұмат беру мақсатында өтті. Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Астананың қалыптасу тарихы, елорданың маңызды саяси, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлі туралы мазмұнды ақпарат берді.

Leave a Reply