Даланың дара дүлділі

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттерімен ақын, композитор Иманжүсіп Құтпанұлының 162 жылдығына арналған «Даланың дара дүлділі» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Иманжүсіп Құтпанұлының өмір жолын, шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен таныту, ұлт руханиятына қосқан үлесін дәріптеу мақсатында өтті. Шара барысында кітапхана қызметкері Иманжүсіп Құтпанұлының өмірбаяны мен шығармашылық мұрасына шолу жасады.