2 маусым Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап кейіпкерлерімен кездесу» атты керемет кездесу өтті. Іс-шара қонағы – балаларға арналған жануарлар мен құстар туралы қысқа әңгімелердің авторы, жазушы және аудармашы Жантемирова Дана Асадқызы болды. Кездесу барысында жазушы өз шығармалары туралы айтып, әңгімелерінен үзінділер оқыды. Балалар қызығушылықпен тыңдап, өз ойларымен бөлісіп, көптеген сұрақтар қойды. Бұл кездесу балалар үшін рухани байлыққа толы, әсерлі және есте қаларлықтай болды. Іс-шара соңында кітапхана ұжымы жазушыға естелік ретінде кітап тарту етті.