Желбірей бер, Жеңіс туы, мәңгілік

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желі қолданушыларына соғыста ерен ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарына «Желбірей бер, Жеңіс туы, мәңгілік», Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған таймлапс ұсынады. Қазақтың тарихында ерлігі мен есте қалып, аты аңызға айналған батыр қыздарымыз қаншама. Олар ел шетіне жау келгенде, қолдарына найза ұстап, сұм соғысқа қасқайып қарсы тұрды. Соғыс ұшақтарымен жау аспанын тілгілеп, от қарумен отанын қорғады. Қан майданда ұрыс алаңынан табылды.