Композитор Шәмші Қалдаяқовқа 95 жыл

3 маусым күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі «Композитор Шәмші Қалдаяқовқа 95 жыл» атты музыкалық сағат ұымдастырды. Іс-шарада әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылды, әндері шырқалды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Сазгердің 300-ге жуық әні бар. Шәмші Қалдаяқовтың әндерінің ішіндегі шоқтығы биік туынды – «Менің Қазақстаным».