22 мамыр күні Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына белгілі журналист, жазушы, Халықаралық ПЕН клубының Қазақстандағы бөлімшесінің президенті – Бигелді Қайырдосұлы Ғабдуллин келіп кетті.
Ол – оқырмандардың сүйіспеншілігіне бөленген көптеген кітаптардың авторы. Бигелді Қайырдосұлы 300-ден астам публицистикалық еңбек жазған. Сонымен қатар, ол Қ. Жұмаділовтің «Атамекен», Х. Рахимовтың «Сеңгірдің сырлары», Т. Жұртбаевтың «Кәлләки» романдарын орыс тіліне аударған.
Марапаттары:
• «Құрмет» ордені (2006), «Парасат» ордені (2012), халықаралық «Офицерская честь» ордені (2013);
• Мұхтар Әуезов атындағы медаль – «Ұлы көші-қон» кітабы үшін (2012);
• «Нұр Сұңқар» байқауының «Сенім» номинациясы бойынша жеңімпазы (маусым, 2012);
• Бұланды ауданының Құрметті азаматы;
• «Қазақстанның ең үздік бас редакторы» (2011).
Бүгін Бигелді Қайырдосұлы кітапханамызға 10 кітап сыйға тартты. Қаламгерге зор алғысымызды білдіреміз!