Кітап біздің досымыз

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы № 16 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен «Кітап біздің досымыз» атты викторина өткізді.
Іс-шара балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және бос уақытты тиімді өткізу мақсатында өтті.
Балалар кітапқа қатысты викториналық сұрақтарға жауап берді. Бірнеше топқа бөлініп, белсенді қатысып, білімдерін ортаға салды. Балалар әдебиеті бөліміне келген жаңа кітаптар топтамасымен танысты.