Кітап – ұлттың рухани тірегі

17 сәуір «Аманат» партиясының кітап Аманат орталығында 23 Ұлттық кітап күніне арналған «Кітап – ұлттың рухани тірегі» фестивалі «Kitap аvenue» төртінші күні аясында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солисті Сәрсенбай Оразұлы Хасеновпен«Кітап сарқылмас қазына» атты әдеби сұхбат өтті.
Сәрсенбай Хасенов қазақ халқының фольклорлық мұрасын ұсынады, әр шығарманы ерекше ықыласпен және жан-тәнімен орындайды. Оның ерекше дауысы, сондай- ақ домбырада шебер ойыны – бұл жас ұрпақ үшін ән өнерінің баға жетпес тәжірибесін жеткізетін жарқын үлгі. Дәстүрлі әндерді орындаушы Сәрсенбай Хасенов көптеген жылдар бойы өңіріміздің ақын-композиторларының өмірі мен шығармашылығын зерттеп, «Айтыс керуені», «Жігіттің падишасы», «Сұраған саған аманат» кітаптарын шығарды. Бұл жарқын кездесуде оның кітаптары әңгіме арқауы болды және де іс-шара бір демде өтті. Көпшілік үшін Сәрсенбай Хасенов тек керемет әнші болатын, бірақ осы іс-шарада біз оны жарқын жазушы ретінде танып, дарынды адамның барлық жағынан дарынды екенін растадық. Іс-шараның қонақтары Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Алимбетова Ақманат Ақниетқызы, ақын, журналист, Жұмабек Ташенов атындағы сыйлықтың иегері, Akmola «News» сайтының редакторы «Заң», «Арқа ажары» газеттерінің тілшісі Майра Қуанышқызы Кенисбекова, Кабдешова Тойжан Нуржанова Шоқан Уалиханов атындағы КМУ-інің колледжінің оқытушысы, 1 курс колледж студенттері мен қаланың шығармашылық зиялылары болды