Мемлекеттік рәміздер – ұлттық Мақтаныш

2 маусым күні Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде Лингвотоқсан аясында 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық Мақтаныш. Государственные символы национальная гордость. State symbols are our national pride» атты симфоликалық экскурс-таймлапс өтті.
Қонақ ретінде мектеп-гимназия оқушылары шақырылды. Іс-шара барысында жиынға қатысушыларға тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихы туралы мәліметтер ұсынылып, слайд көрсетілді. Бейнероликті тамашалап, балалар мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихымен таныстырып қана қоймай, рәміздердің авторлары туралы да құнды мағлұмат берді. Сондай-ақ, балаларға әртүрлі тілдегі тақырыптық кітаптар мен материалдар ұсынылды.
Қатысушылардың әрқайсысы мемлекеттік рәміздерді білу – жасына және ұлтына қарамастан әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымы мен патриотизмі екенін түсінді.