Мен-супертілшімін

10 маусым күні шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде Лингвотоқсан аясында «Мен-супертілшімін. Я – супержурналист. I am a super journalist» тақырыбындағы «LingvaRoom» жобасы аясындағы жас тілшілер отырысы өтті.
Бүгінгі кезекті кездесуімізге №1 орта мектебінің жазғы лагері аясындағы балалар қатысты.
Кішкентай қонақтарымыз алдымен жалпы кітапхана мен оның жұмысымен танысты. Кейін бөлімге өтіп, бөлім ішінде бар әдебиет пен балаларға бұрыннан таныс ертегілер мен әңгімелер көрсетілді. Балалар әртүрлі кәсіп иелерін талқылып, ең маңыздысы қандай екендігі туралы өз ойларымен бөлісіп, кішігірім пікірталас өткізілді. Содан кейін, «Қызықты және өзгеше мамандық» танымдық ойынына көштік, және көп сурет салдық. Соңында, әрқайсысы өскенде кім болғысы келетінін айтып, әңгімелестік.
Бүгінгі іс-шара балаларға барлық мамандықтағы адамдарды бағалау және құрметтеу қажет екендігін көрсетті деген ойдамыз!