Мәдениет – рухани құндылық

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері «Гранат» шығармашылық студиясына барып «Мәдениет-рухани құндылық» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шарада студия жетекшісі Анар Талапқызы майлы бояу, акварельмен сурет салғанда жарық пен көлеңкені айырып көрсетудің негізгі тәсілдері туралы кеңес берді.