Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы — тәрбие бастауы» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шара жас ұрпақтың бойында отбасыға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, ұлттық тәрбиенің негізі болып табылатын отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында өтті.
Іс-шараға қала мектептерінің оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Шара барысында кітапхана қызметкері отбасының қоғамдағы рөлі, ата-ана мен бала арасындағы өзара құрмет, бірлік пен сүйіспеншілік туралы мазмұнды әңгіме өрбітті. Сонымен қатар қызықты сұрақ-жауап, мақал-мәтел сайысы сынды интерактивті бөлімдер де балалардың белсенділігін арттырды.