4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған.
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Рәміздер — Тәуелсіздік белгісі» атты тақырыптық сағат өтті. Іс-шараға лагерь оқушылары қатысты. Оқушыларға мемлекеттік рәміздеріміз жайлы қысқаша ақпарат берілді. Іс-шара соңында балалар әнұран айтты.