Табиғат пен шығармашылық

3 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Таза Қазақстан» Экологиялық мәдениетті дамыту концепциясы аясында апталықтың екінші күні «Balakai» шығармашылық студиясының шәкірттері арасында «Табиғат пен шығармашылық» атты сурет байқауын өткізді. Байқауға 9-12 жас аралығындағы кішкентай суретшілер қатысты.
Елді бірлікке, тазалыққа насихаттайтын “Таза Қазақстан” акциясын өткізуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде тапсырма берген болатын.
Бұл тазалықты насихаттап қана қоймай, ел-жұрттың басын біріктіретін рухани маңызы бар.
Ұрпақты тәрбиелеу үшін ең алдымен өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Айналаны таза ұстап, қоршаған ортаға құрметпен қарасақ, тазалыққа жаны жақын ұрпақ қалыптасатыны ақиқат.
Ең үздік деген жұмыстар кітап апталығының жабылу салтанаты кезінде марапатталатын болады.