Франсуаза Саган – әдебиет ханшайымы

ФРАНСУАЗА САГАН (1935-2004) – ХХ ғасырдың танымал француз жазушысы, драматург. Қалам иесінің 90 жылдығына орай шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі «Франсуаза Саган – әдебиет ханшайымы. Франсуаза Саган – королева литературы. Francoise Sagan is the Queen of literature» атты медиовояжды ұсынады.
Өзінің әдеби жолын 19 жасында «Здравствуй, грусть» атты романды жариялаумен бастады. Бұл кітап француз қоғамында нағыз дүрбелең туғызып, жазушыға үлкен атақ пен данқ әкелді. Жазушылыққа осыншама ерте жастан кірісуі оның жастайынан кітап оқуға деген үлкен сүйіспеншілігінің арқасында болды. Жас Франсуаза өзінің құрдастарынан зеректігі мен білімге деген құмарлығы жағынан асып жүрді, кітап оқуды жақсы көрді.
Жалпы өзінің шығармашылық жолында Саган шамамен 20 шақты роман жазды, ал кейбіреулері тіпті фильмге де сәтті бейімделді. Сонымен қатар, жазушы пьесалар мен биографиялық шығармаларды жазуға әуес болған деседці. Жазушы 1985 жылы әдебиетке ықпалы үшін беделді марапатқа иеленді