Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

3 маусым Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне және қазақтың көрнекті композиторы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық артисі, «қазақ вальсінің королі» Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай іс-шара өткізеді.
1956 жылы Шәмші Қалдаяқов кейін Қазақстан Республикасының қазіргі мемлекеттік әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әнін жазған болатын.
Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін маңызды атрибуттар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран. Осыған байланысты Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Менің рәміздерім – менің мақтанышым» атты облыстық челлендж жариялайды және оны Степногорск қаласының Орталық қалалық кітапхана жүйесіне жолдайды.