Үкілі Ыбырай

Қазақ өнерінің жарық жұлдыздарының бірі – Үкілі Ыбырайдың туғанына биыл 165 жыл толып отыр. Халықтың еркесі, ән мен жырдың серкесі болған оның әндері қазақ даласына кеңінен тараған. 11 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі «Әні мен жыры үндескен Үкілі Ыбырай» музыкалық сағат өтті.