Әкелер күні – әкелердің отбасындағы рөлін және оларды құрметтеу мақсатында атап өтілетін ерекше мереке. Бұл күн әкелерге деген құрмет пен махаббатты білдірудің маңызды бір тәсілі болып табылады. 12 маусым күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №12 мектебінің жазғы лагерь оқушыларына «Әке –отбасының тірегі» тақырыбына сурет салу ұсынылды. Іс-шара барысында кітапханашы Утепова Г.М әр шаңырақтағы ана мен әкенің орны, әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы екенін баяндап берді.