15 маусым – Қазақстан Республикасында Әкелер күні мерекесі тойланып жатыр. Осындай мейрамға орай Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі мектеп оқушыларымен мерекелік отырыс өткізіп, «Әке – отбасы тірегі. Говорите папам теплые слова. Say nice words to fathers» атты құттықтауды ұсынады.
Отырысқа қонақ ретінде №1 мектеп оқушылары қатысты.
Кішкентай оқырмандарымыз бірінші кезекте кітапхана мен кітапханада бар бөлімдермен танысып, қызықты да танымды ақпарат алды. Балалар кітап оқудың кажеттілігі мен пайдасы туралы өз пікірлерін айтты. Өздері ұнататын кітаптар мен әңгімелері жайлы да сөз қозғады. Одан кейін, бүгінгі мереке туралы, оның шығу тарихы жайлы сөйлесіп, көп мағлұмат алды. Отырыс соңында, кішкентай қонақтарымыз әкелеріне сурет салып, сыйлық ретінде табыстайтынын айтты.