Нәбиев Әскен – Ақмола облысының Ақкөл ауданында туған. 1941 жылы орта мектепті бітіре салысымен әскерге алынып, Сталинград түбіндегі қанды қырғынға қатысады. Осы шайқаста ауыр жараланып, елге оралады. Әскерден келгеннен кейін ауыл мектебінде мұғалім, аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып істейді. Жас күнінен ән мен жырға құмартып, әдебиетті сүйіп өскен қаламгер 1947 жылы журналистикаға ауысып, қазіргі Ақмола облысының «Арқа ажары» газетінде меншікті тілші, бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. Баспасөзде істеп жүріп, көркем шығармаға қалам тербеді. 1959 жылы «Перзент» атты тұңғыш әңгімелер жинағы жарық көрді. Одан соң іле-шала «Гүлзи», «Шолпан», «Ауыр апталар», «Бейтаныс бойжеткен», «Алақайғы», «Қанат қаққанда», «Бел-белестер», «Қала ортасындағы қамал», «Майдан әңгімелері», «Шерулі жылдар» тағы басқа кітаптары оқырманға жол тартты. Есімі елге танылды. Сондай-ақ жазушы ұзақ жыл бойы Қазақстан Жазушылар одағының бұрынғы Целиноград облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі қызметін атқарып, өзінен кейін қалам ұстаған жастарға қамқоршы болды.
Прозашының шығармаларында өзі өмір сүрген дәуірдің келбеті, ауыл адамдарының ақжарма көңілі, сұм соғыстың қасіреті шынайы бейнеленген. Академик Рымғали Нұрғали жазушының бір кітабына жазған алғы сөзінде: «Көп сөзге барып, әр шөптің басын шалмайды, өзін мадақтап кетпейді. Болған нәрсені нақты және көркем баяндайды», деп баға беріпті. Ә.Нәбиев шығармаларының ішіндегі шоқтығы – «Алақайғы» повесі. Бір жағынан, бұл туындының көлеміне қарап, роман деуге болады. Шығармада отызыншы жылдардағы аштық зұлматы нанымды суреттелген. Әдебиетімізде аштық туралы жазылған дүниелер жетерлік, бірақ бұл повестің ерекшелігі неде дегенде, қаламгер көркемдікті деректілікпен ұштастырып, өзінше бөлек әлем жасаған. Туындыда автор өзі көзімен көрген оқиғаларды кестелі тілмен айшықты бедерлеген.
Мазмұнды іс-шара барысында сөз сөйлегендер қабырғалы қаламгердің жазушылығы ғана емес, ақындығы, сазгерлігі, әншілігіне тоқталды. Белгілі ғалым Серік Негимов майдангердің жазушылығынан бөлек, ақындығы мен әзілге ұсталығы, әуезді әнге құштарлығы, қарапайымдылығы туралы әңгімеледі. Облыстық газетте онымен бірге қызмет істеген Бәдуан Имашев пен Жылқыбай Жағыпарұлы жылы естеліктерімен бөлісті. Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы суреткердің өмір жолынан сыр шертіп, осы іс-шараны өткізуге ұйытқы болғандарға алғысын жеткізді. Жазушының 100 жылдығы бас шаһарда кең көлемде атап өтілді. Астанада Әскен Нәбиев атына көше берілді. |
|
Набиев Аскен родился в Аккольском районе Акмолинской области. В 1941 году, как только он окончил школу, его призвали в армию и он принял участие в резне под Сталинградом. В этом бою он был тяжело ранен и вернулся в страну. После ухода из армии работает учителем в сельской школе и инструктором в райкоме партии. Писатель, с юности увлекавшийся песнями и стихами и выросший на любви к литературе, в 1947 году перешел в журналистику и работает корреспондентом и заведующим отделом в газете «Арка ажары» нынешней Акмолинской области. Работая в прессе, он не написал ни одного литературного произведения. В 1959 году вышел первый сборник рассказов «Перзент». После этого пошли «Гүлзи», «Шолпан», «Тежелые недели», «Бейтаныс бойжеткен», «Алақайғы», «Қанат қаққанда », «Бел-белестер», «Замок посреди города», «Майданные истории». , «Мартовские годы» и другие книги пробились к читателю. Его имя известно по всей стране. Также писатель долгие годы работал литературным консультантом бывшего Целиноградского межрайонного отделения Союза писателей Казахстана и был опекуном молодых людей, взявшихся за перо после него.В произведениях прозаика правдиво изображен облик эпохи, в которой он жил, счастливое настроение деревенских жителей, ужасы страшной войны. Академик Рымгали Нургали в предисловии к одной из книг автора писал: «Он мало говорит, не трогает кочан каждой травы, не хвалит себя. Он точно и красиво описывает произошедшее”, – оценил он. Шедевром А. Набиева является повесть «Алакайги». С одной стороны, глядя на объем этого произведения, его можно назвать романом. Произведение убедительно описывает тьму голода тридцатых годов. В нашей литературе написано достаточно рассказов о голоде, но особенность этой истории в том, что писатель соединил искусство с реальностью и создал по-своему отдельный мир. В произведении автор ярко описал события, которые видел своими глазами.В ходе значимого мероприятия спикеры уделили внимание не только творчеству писателя, но и его поэзии, музыке и пению. Известный ученый Серик Негимов рассказал о писательских способностях, поэтичности и чувстве юмора бойца, его страсти к мелодичным песням и скромности. Своими теплыми воспоминаниями поделились Бадуан Имашев и Жылкибай Жагыпарулы, работавшие с ним в областной газете. Поэт Даулеткерей Капулы, директор Астанинского городского отделения Союза писателей Казахстана, поделился тайнами жизни художника и выразил благодарность тем, кто инициировал это мероприятие. В прошлом году в столице широко отмечали 100-летие со дня рождения писателя. Именем Аскена Набиева в Астане названа улица. |
Шығармалары
Мұрагер. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; Очерктер. А., ҚМКӘБ, 1962; Гүлза. Повесть. А.,ҚМКӘБ, 1965; Шолпан. Повесть. А., «Жазушы», 1977; Бел-белестер.
Произведении
Наследник. Истории. А., КМКАЭБ, 1959; Эссе. А., КМКАЭБ, 1962; Гульза. История. А., КМКАЭБ, 1965; Шолпан. История. А., «Писатель», 1977; События. |