Аталмыш бейне баянда Степногорск қала бойынша, қаланың жетістіктері, белгілі тұлғалары туралы ақпарат ұсынылды. М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК Степногорск туралы электронды басылым құрылды. Қала туралы деректер, қала мекемелері және картасы бар.
“Біржан деп атым шықты алты алашқа” атты ұсыныстық көрсеткіш 3D нұсқада. Қазақтың әйгілі ақыны, сазгер Біржан сал Қожағұлұлына арналған. Көрсеткіште өмірбаяны, М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК қорларында бар кітаптар мен мерзімді басылымдар тізімі жинақталған. Көрсеткіш қалың оқырман қауымына, кітапханашыларға, оқытушылар мен студенттерге арналған.