«Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында, «Шабыт шырағы — Жұмекен Нәжімеденов» ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында, кітапхана қызметкерлері қоңыр үнді, сырбаз ақынның өлеңдерін оқыды.    

Спорттық жетістіктер

Ұйымдастыру бөлімінің басшысы- Жақанов Ержан Қайыргелдіұлы ITTF World Para Challenger Astana 2025 турнирінде MD18 категориясында қола медальды иеленді. Әріптесімізді құттықтап,  табыс пен жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!