
Ұйымдастыру бөлімінің басшысы- Жақанов Ержан Қайыргелдіұлы ITTF World Para Challenger Astana 2025 турнирінде MD18 категориясында қола медальды иеленді. Әріптесімізді құттықтап, табыс пен жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!
1 тамыз күні Абай күніне және ұлы ақынның 180 жылдығына арналған онкүндіктің ашылуы өтті. Осы күні ҚР Ұлттық Банкінің Ақмола филиалы қызметкерлері үшін кітапхана және оның залдары бойынша мазмұнды экскурсия ұйымдастырылды. Келген қонақтарға кітапхананың қызметтері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен >> Ары қарай оқу/Читать далее …
30 шілдеде қазақ халқының әйгілі әншіcі, сазгері, ақыны Жаяу Мұса Байжанұлы 190 жасқа толады. Ол 1835 жылы 30 шілде күні дүниеге келген. Осы күнге орай Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі сазгердің шығармашылығы туралы ақпарат >> Ары қарай оқу/Читать далее …