2026 жылдың 5 ақпанында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты көрме бойынша ақпараттық шолуды саяси партиялардың өкілдері, Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мүшелері үшін өткізді. Көрмеде мерзімді басылымдардан және кітапханалық басылымдардан материалдар ұсынылды.









