Менің туған өлкем циклі. 19 сериясы

Аршалы ауданы туралы «Ақмола облысы ауылдарының энциклопедиясы» жобасы туралы бейнеролик ауданның құрылу тарихын көрсетеді. Мұнда облыстың негізгі көрнекті орындары көрсетілген. Электрондық басылым бірнеше бөлімдерден тұрады: аудан картасы, ауданның табиғи ресурстары, көрнекті адамдар және тағы басқалар.

Менің туған өлкем циклі. 18 сериясы

 Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері, аудармашы Ғосман Төлеғұлұлының мерейтойына арналған «Көп қанатты-Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы» атты электронды басылымымен таныстыру. Басылымда аудармашының өмірі мен  ҚР тәуелсіздігінің құрылу кезеңіндегі қызметі туралы баяндалады.

Менің туған өлкем циклі. 17 сериясы

Бейнебаянда 3D нұсқада қазақ халқының ұлы композиторы, ақын, әнші Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы туралы библиографиялық көрсеткіш ұсынылды. Көрсеткіште ақынның өмірі мен әдебиеттер тізімі берілген. Жалпы кітапханашылар мен студенттер, педагогтарға арналады.

Менің туған өлкем циклі. 16 сериясы

Қазақ хандығының құрылғанына  550 жыл толуына орай 3D нұсқада Библиографиялық көрсеткіш. Көрсеткіште қазақ хандығының құрылу кезеңі, туралы ақпарат ұсынылды. Әдебиеттер тізімі қоса берілген.

Менің туған өлкем циклі 14 сериясы

Көкшетау қаласының құрметті азаматы, Денсаулық саласының үздігі, облыстық тарихи-мәдени мұра қорының төрағасы, жоғары санатты дәрігер-анестезиолог Болат Сүлейменұлы Жанәділовпен сұхбат.