Жолдау — халық үні, ел ертеңі

     Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жолдау — халық үні, ел ертеңі» атты ашық микрофон аясында Ақмола облыстық «Kokshe» телеарнасына берген пікірін назарларыңызға ұсынады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын кітапхана ұжымы бастан-аяқ тыңдады. Толық >> Ары қарай оқу/Читать далее …

Биыл қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, профессор, Қазақ КСР халық әртісі Асқар Тоқпановтың туғанына 110 жыл.

     13 қазан  күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі Асқар Тоқпановтың 110 жылдығына орай «Күнтізбе беттерінен» экспрес-көрме ұйымдастырды. Асқар Тоқпанұлы өнер зерттеушісі ретінде «Сахна сазы», «Кешеден бүгінге дейін», «Іңкәр дүние» атты жинақтардың авторы. >> Ары қарай оқу/Читать далее …

«Таzа Qazaqstan» акциясы аясындағы жалпықалалық сенбілік

11 қазан күні Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы «Таzа Qazaqstan» акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты. Олар бекітілген аумақ – Сарыарқа шағын ауданын қоқыстан және түскен жапырақтардан тазартты.

Өз заманының шежіресі

11 қазан күніМағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өз заманының шежіресі» Қазақ Жазушысы Әнуар Әлімжанов туғанына 95 жыл толуына орай таймплас ұсынады. Жазушының өмір тарихы, шығармашылығы бейнеүзінді де нақты айтылған.  

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған

9 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері үшін Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай жолымен» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, >> Ары қарай оқу/Читать далее …

Таза бейсенбі

9 қазан күні «Taza Qazaqstan» акциясы аясында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ғимаратының маңында «Таза бейсенбі» ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері түскен жапырақтар мен қоқыстарды жинады.