«Таzа Qazaqstan» акциясы аясындағы жалпықалалық сенбілік

11 қазан күні Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы «Таzа Qazaqstan» акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты. Олар бекітілген аумақ – Сарыарқа шағын ауданын қоқыстан және түскен жапырақтардан тазартты.

Өз заманының шежіресі

11 қазан күніМағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өз заманының шежіресі» Қазақ Жазушысы Әнуар Әлімжанов туғанына 95 жыл толуына орай таймплас ұсынады. Жазушының өмір тарихы, шығармашылығы бейнеүзінді де нақты айтылған.  

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған

9 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері үшін Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай жолымен» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, >> Ары қарай оқу/Читать далее …

Таза бейсенбі

9 қазан күні «Taza Qazaqstan» акциясы аясында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ғимаратының маңында «Таза бейсенбі» ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері түскен жапырақтар мен қоқыстарды жинады.  

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында

8 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары үшін «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Қазақ прозасының рухани шамшырағы – Тәкен Әлімқұлов» атты >> Ары қарай оқу/Читать далее …

Жібек Бағысованың 85 жылдығына

8 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі «Өңіріміздің өнер майталмандары» жобасы аясында Қазақ КСР-нің халық артисі Жібек Бағысованың 85 жылдығына «Сан қырлы өнер иесі» тақырыбында бейнеролик әзірледі.