Мемлекет және қоғам қайраткері

14 ақпан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қызметкерлері Қазақстан КП ОК мүшесі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Экономика ғылымдарының кандидаты қазақтың кеңестік мемлекет және партия қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің 110 жылдығына арналған «Мемлекет және қоғам қайраткері» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы маңызды тұлға, халқына қалтықсыз қызмет етуімен ерекшеленген азаматтардың бірі– Жұмабек Ахметұлы Тәшенев туралы баяндау арқылы, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық тәрбиені сіңіру, кітап оқу арқылы төл тарихымызды танып-білуге тарту.

Жұмабек Ахметұлының өмірбаяны, қызметі жайлы деректер айтылып, халқы үшін жасалған еңбектері жайлы баяндалды. Ол кісі туралы естеліктерден үзінділер оқылды. Қазақ тарихында қайталанбас қайсарлығымен, ақыл-ойының тереңдігімен, шұғыл да батыл шешімдерге бара алатындығымен танылған, суырыпсалма ой ұшқырлығының арқасында қазақ жерінің тұтастығын мүлт еткізбей, бір оқ атпастан сақтап қалған біртуар қаһарман батыр туралы Кәрішал Асан Атаның «Шынжырда өткен ЖОЛБАРЫС…» атты кітабына сипаттама берілді. Жұмабек Тәшенев жайлы жазылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып, тарихи фильмнен үзінді көрсетілді. Іс-шараға қатысқан Қазақ гуманитарлық техникалық колледжінің студенттері сауалдарын қойып, өз ойларымен бөлісе отырды. Өздеріне қажетті мәліметтер алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *