22 мамыр күні «Көкшетау» мәдениет сарайында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты концерт өтті. Осы шарада Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директор орынбасары Әсел Маратқызы Смагулова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, кеше ғана Астана қаласында өткен республикалық «Рухани қазына – 2025» фестивалінде кітапханамыздың әдіскері Дана Хайруллақызы Хамзина Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірінің алғыс хатымен марапатталды.
Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!