14 мамырда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлованың есеп беру кездесуі өтті. Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан: кітапхана директоры – Т.Қ.Ибраев; директордың кітапхана ісі жөніндегі орынбасары – Г.В. Савенкова және Ақмола облысының кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы – Ж.Е. Мурзагалиева LED экран арқылы есептік кездесуге қатысты. Ақтоты Рахметоллақызы 2020 жылы пандемияға байланысты каронтин болғанына қарамастан, мәдениет және спорт саласы өз жоспарларын қайта құрып, түзете алғанын атап өтті: іс–шараларды өткізудің жаңа нысандары, жаңа онлайн–жобалар пайда болды, олар жаңа санатты – онлайн-пайдаланушыларды тартуға мүмкіндік берді, 120 млн-нан астам іс-шараларды қарады. Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрі Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына, көрнекті ғалым, философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына және Алтын Орданың 750 жылдығына арналған 2020 жылғы ірі іс-шараларды атап өтті. 2021 жылдың негізгі мерейтойлық даталарға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, балалар мен жасөспірімдер оқуына қолдау көрсету жылына, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына, қазақтың танымал палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына және басқа да көптеген тарихи күндеріне арналған іс-шараларға егжей-тегжейлі тоқталды. Мұндай кездесулердің мәдениет пен спорттың шығармашылық қызметкерлері үшін маңызы зор, олар өткен жылдың өткізілген іс-шараларын бағалауға және алдағы 2021 жылдың іс-шаралар жоспарын түзетуге мүмкіндік береді. Ақтоты Рахметоллақызы барлық мәдениет және спорт қызметкерлеріне табыс және шығармашылық жоспарларды жүзеге асыруды тіледі.