Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлы музыка саласында да мұра қалдырды. Әндері, халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Ақынның әндері мен күйлері туралы айтылса, көбіне әндерін білеміз. Абай Құнанбайұлы күй де шығарған. Осы уақытқа дейін бізге жеткен «Май түні», «Майда қоңыр», «Торы жорға», «Абайдың желдірмесі», «Ақтолқын» күйлері бар. 5 тамыз күні Ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойы аясында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі «Абайдың музыкалық мұрасы» muz time ұсынады.