Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға Ақмола облысының Төтенше жағдайлар және Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты.
Бұл дөңгелек үстел Абай Құнанбайұлының 180 жылдығының жоғары деңгейде өтуіне атсалысу, оның өлеңдері мен қара сөзін жастарға насихаттау, Абай есімінің қазақ үшін биік екендігін ұғындыру мақсатында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелдің арнайы шақырылған спикері, ақын, драматург Нұрислам Әбділ Абайдың мол мұрасы, сарқылмас қазынасы жайлы баяндама оқыды. Абайдың философиялық маңызы бар өлеңдеріне тоқталып, ондағы ақынның ойын өз көзқарасымен жіктеді. Абайдың «Сегіз аяқ», «Желсіз түнде жарық ай» сынды әндерін шырқады. Дөңгелек үстелге қатысушы қонақтар да Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы білгендерін ортаға салды және іс-шараны әнге бөледі.
Іс-шара соңында кітапхана қорынан жинақталған «Абай мұрасы» атты кітап көрмесі таныстырылды.