Абай әлемі

10 тамызда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» облыстық мәдени шарасы аясында М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ашық аспан астында «Қазақта қайталанбас ұлы тұлға» атты әдеби алаң ұйымдастырды.

Бағдарламада: «Абай әлемі» атты кітап көрмесі және «Жыл мезгілдері» атты балалар арасында Абай шығармашылығына негізделген сурет байқауы өтті.

  1. «Абай әлемі» атты кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады: Ұлы ақынның өмір жолы, Абайдың шығармалары, бұқаралық ақпарат құралдарында Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған жарияланымдар. Көрмеге Абайдың поэзиялық шығармалары, сондай-ақ оның өмірі мен қызметі туралы кітаптар қойылды.
  2. «Жыл мезгілдері» жас суретшілер байқауы. Байқаудың мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қызығушылықты арттыру, сондай-ақ дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету. Байқау 2025 жылдың 5–10 тамыз аралығында өтті.