2025 жылдың 17 наурызы күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Наурызнама» онкүндігі аясында «Автормен бірге кітап оқу» атты шығармашылық кездесуге ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, кітапханамыздың директоры Қуаныш Ерғалиұлы Оспан қатысты. Ақынның шығармашылығын жастарға насихаттау, ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында өткен іс-шараға Ақмола облысы полиция департаменті және Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қонақ болып келді.
Қуаныш Оспан қатысушы қонақтарға ақындық жайлы ойымен бөлісіп, ақынның бойындағы тазалық пен махаббатқа тоқталды. Ақын өзінің лирикалық жырлары мен поэмаларын оқып, олардың жазылу тарихын да айтып кетті.
«Ауылдың баласымын», «Аспандағы астра», «Сыбаға», «ӘнЕл» мен «Төбел» атты кітаптары жарыққа шыққан.
Ақын қазақтың әдет-ғұрпын, табақ тарту дәстүрін негізге ала отырып жазған «Сыбаға» атты этнографиялық дастанын түсіндіріп, көрермен көңілінен шықты.
Іс-шараға қатысушылар да поэзия жайлы көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.