Алаштың арда ұлы – Смағұл Сәдуақасовтың мұрасы

16 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары үшін «Алаштың арда ұлы – Смағұл Сәдуақасовтың мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізді. Биыл ұлт зиялысы, қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың 125 жылдығы. Қатысушыларға оның қоғам қайраткері, публицист және ағартушы ретінде атқарған қызметі жөнінде мәлімет берілді. Смағұл Сәдуақасовтың өмірбаяны мен еңбектеріне арналған бейнематериал көрсетілді. Кітапхана қорындағы кітаптарға шолу жасалды.