Кеңес Одағының Батыры – КСРО-ның ең жоғары дәрежелі атағы. 1934 жылы еңгізілген бұл марапат көптеген қазақ жауынгерлеріне де бұйырды. Бұл атақ Ұлы Отан соғысы кезінде және одан кейін ерекше ерлік көрсеткен азаматтарға берілді. Соғыста көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін «Алтын Жұлдыз» медалі, Ленин ордені табысталды. Олардың ерліктері бүгінгі ұрпаққа мақтаныш, тарихи мұра.
Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ақмолалық – Кеңес Одағының Батырлары туралы «Жеңіс қаһармандары, жерлестер мәңгі есімізде» атты информ-медианың екінші шығарылымын әлеуметтік желі оқырмандарына ұсынады. Жалғасы бар.