Қазақстан Республикасы ТЖМ құтқарушылар күні мен 30 жылдығының кәсіби мерекесіне орай Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жадыра Мыңжасарқызы Әубәкірова Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Бақытжан Алашовтың атынан Алғыс хатпен марапатталды. ТЖД мен Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК көп жылдар бойы бірлесіп, нәтижелі жұмыс істеуде. Кітапхана қызметкерлерінің жұмысы әрдайым бағалана берсін.