АНТУАН ДЕ СЕНТ-ЭКЗЮПЕРИ (1900-1944) – француз жазушысы, ақын және ұшқыш. Биыл бұл көрнекті тұлғаның туғанына 125 жыл толып отыр. Осыған орай шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі «Мен жұлдыздарды көрдім. А.Сент-Экзюпери. Я видел звезды. А.Сент-Экзюпери. The little prince’s last flight» атты медиовояжды ұсынады.
Анасы кітап пен әдебиетке деген сүйіспеншілікті бала шағынан оятты. Одан бөлек, жас Антуан авиацияға қатты қызыққан, және 12 жасында алғаш рет ұшып көрді. Кейін ұшу курстарын бітіріп, ресми ұшқыш атанады. 1930 жылдары журналистикаға қатты көңіл бөліп, газет тілшісі ретінде қызмет етеді.
Алғашқы кішігірім шығармалары колледжде оқып жүргенде жазылады. Экзюперидің шығармалары аспан және авиациямен байланысты болғандықтан, ол өзінің ұшқыш ретіндегі тәжірибесін кітаптар бетіне түсірді.
Қалам иесінің ең танымал деген және жазушыға әлемдік танымалдықты әкелген 1943 жылы жарыққа шыққан «Маленький принц» кітабы болды.