Апталықтың жабылуы

2025 жылдың 18 қыркүйегінде Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері №12 мектеп оқушыларымен Қазақстан халқы тілдері апталығының жабылуы аясында «Тілдер шеруі» атты қорытынды іс-шарасын өткізді. Іс-шара еркін форматта, диалог ретінде өтті. Оқушылардың еркін сөйлеуін, ойларын толық әрі анық жеткізе алу мақсатында өрбіді.
Оқушылар жазғы демалыстары жайлы сөз қозғады. Демалыстары өткен жердің қызығын, тамаша табиғатын сипаттау арқылы өздерінің сөздік қорларының мол екендігін көрсетті.
Шара соңында, қазақ тілі жайлы өлең оқып, қорытынды жасады.