17 қараша күні «Әділ қоғамы» республикалық жобасы аясында М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімі қазақ дәстүріндегі ар, ұят, адалдық ұғымдарының орны жөнінде «Ар, ұят, адалдық – адамдықтың ең биік шыңы» моноподкастын ұйымдастырды.
«Әділ қоғам» жобасы мәдени және білім беру бағдарламалары арқылы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды бекітуге, заңдылық пен ашықтық қағидаттарын ілгерілетуге, сондай-ақ әрбір азаматты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартуға бағытталған.
