Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 11 мамыр Аналар күніне арналған «Асыл анам — ардағым» атты әдеби кеш өткізді. Іс-шараға №12 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қатысты.
Олар кеш барысында ана тақырыбына арналған жүрекжарды өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, аналарға арналған әдеби шығармалардан үзінділер оқылып, олардың қоғамдағы рөлі мен қадір-қасиетіжайлы мазмұнды ойлар ортаға салынды.