Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР Ата заңының 30 жылдығына арналған «Ата заң — азат елдің айнасы» дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шара Конституцияның ел дамуындағы маңызын ұғындыру, құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында өтті.
Іс-шара барысында Ата заңның тарихи маңызына тоқталып, оның Тәуелсіздікпен біте қайнасқан жолын кеңінен талқылады. Сонымен қатар, қазіргі конституциялық реформалар мен құқықтық мемлекеттің қалыптасу үдерісі жайлы келелі ойлар айтылды.
Дөңгелек үстел соңында кітапхана тарапынан Ата заң тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.